Медициналық карталар электронды форматқа көшірілуі мүмкін

19.10.2017

Келер жылдан бастап медициналық карта орнын электрондық денсаулық төлқұжаты ауыстыруы мүмкін. Яғни, бұрынғыдай ауру тарихы жазылған бума қағаздарды алып жүру болмайды. Тек жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы әр азаматтың сырқаты қандай, нендей ем-дом қабылдады, қай дәрігерде қаралды, бәрі де цифрландырылмақ.

Бұл клиникалық шешімдерді қабылдауға әрі медициналық қателіктерді қысқартуға мүмкіндік береді. Ал, мәлімет электронды үкімет сайтының жеке кабинетінде сақталады. Медицинаның сапасын арттыру жұмыстарына 30-ға тарта компания тартылды. Тұрғындарға онлайн қызмет көрсету жобаларына мемлекет қаржысы жұмсалмайды.

Олжас Әбішев, ҚР ДСМ Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының бас директоры

 - Сіз шетелге баратын болсаңыз, сіздің емделген жағдайыңыз немесе ауруыңыз бойынша кодталады. Аты қазақша жазылуы мүмкін, түрікше, ағылшынша айырмашылығы жоқ. Код арқылы шетелдегі дәрігерлер сіздің қандай аурумен ауырғаныңызды, сосын қандай ем алғаныңызды біле алады.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу