АЭФ шеңберінде ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқылануда

21.05.2014
АЭФ шеңберінде ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқылануда
Астана экономикалық форумы аясында «Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздікмәселелері және ақпараттық қауіпсіздікті дамыту» екінші халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтуде.
 
Конференцияны Қазақстан софтверлік компаниялар қауымдастығы ұйымдастырып отыр.
 
Шарада талқыланып жатқан негізгі мәселелер - ұйым, қоғам және мемлекет киберқауiпсiздiгінің жалпы проблемалары, мемлекеттiк қызметтер, бизнес және жеке өмiр саласындағы киберқауiпсiздiк тәуекелдерi.
 
Сонымен қатар, е-gov, ашық кiлттер инфрақұрылымының және электрондық құжат айналымының киберқауiпсiздiгі, киберқауiпсiздік саласындағы практикалық шешiмдер, технологиялар мен зерттеулер және саладағы кадрларды даярлау мен халықтың хабардар болуын қамтамасыз ету мәселелері қаралуда.

Хабарламаларға жазылу