Семейде «Экология. Радиация. Денсаулық» халықаралық конференциясы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде «Экология. Радиация. Денсаулық» халықаралық конференциясы ашылды

29.08.2014
Семейде «Экология. Радиация. Денсаулық» халықаралық конференциясы ашылды

ШҚО-ның Семей қаласында Мемлекеттік медициналық университетінде «Экология. Радиация. Денсаулық» атты X жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. Бұл туралы ШҚО-ның Ақпараттық орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Конференция  жұмысына Қазақстан, Жапония, Ресей және тағы басқа елдердің үздік ғалымдары қатысуда.

Жиында радиациялық экология мен қауіпсіздік, алдын алу, емдеу және экологиялық апатты аймақта өмір сүріп жатқан халықты сауықтыру мәселелері талқылануда.

СММУ ректоры Төлебай Рахыпбековтің айтуынша, ауқымды шара аясында Кембридж бен Барнаул университеті, Корея мен Жапония университеттері арасында  консорциумды құру туралы құжатқа қол қойылады.

Хабарламаларға жазылу