«Жанбота» әні – «Телқоңырда»
Біржан сал заманындағы қоғамның шынайы бет-бейнесін көрсеткен әндердің бірі – «Жанбота». Бұл әннің шығу тарихы туралы халықтың дәстүрлі әндерін зерттеуші, әнші Ерлан Төлеутай былай дейді:
«1865 жылдың жаз айы. Омбыдан «генерал-губернатор келе жатыр» деген хабар алыс-жақын аймақты түгел шарлап, қалың ел әуре-сарсаңға түскен. Әсіресе болыс, старшындар қатты әбігер үстінде. Бұл аймақтағы көп болыстың ішіндегі ең көрнектілері - Азнабай мен Жанбота. Азнабай - жуан тұқым Қоңырқожаның баласы болса, Жанботаның Біржан сал айтпақшы, «сегіз болыстан шені артық».
Жанбота болыстың шақыртуымен сол ауылға келіп, ән салған Біржанға ел көңілінің ауып кеткеніне намыстанған, бір жағы - генерал-губернатор келмей жатып, Жанбота ауылының той-думанға айнала бастағанын жақтырмаған Азнабай поштабайын жұмсап: «Тоқтат Біржанды!», деп бұйырады.
Поштабай барып бұйрықты жеткізсе, Біржан тоқтамайды. Поштабай әуелі қолындағы домбырасын тартып алмақ болады. Домбыраны бермеген соң, қамшымен Біржанды тартып жібереді. Денесіне қамшы тиген Біржан намыстанып, жан айқайы – «Жанбота» әнін шығарған»,-дейді.
Әннің шығу тарихы туралы не білесіз? Бүгін 12.50-де «Телқоңырды» көріңіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оралда өрт шығып, газ ауа қоспасы жарылды
13.12.2025, 20:14
«Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңға жуық тұрғынға кәсіби қолдау көрсеткен
13.12.2025, 17:59
Алматыда «Жүректен жүрекке» атты фестиваль өтті
13.12.2025, 17:57
Домбыра мен сазсырнай Бельгия мұражайына табысталды
13.12.2025, 17:55
Түркі әлемінің жастары бас қосты
13.12.2025, 17:53
Арал аймағын көгалдандыру жайы өзекті
13.12.2025, 17:52
4,1 трлн теңгеге 62 инвестициялық жоба іске асады
13.12.2025, 17:48
Петропавлда өрт сөндіру бөлімі ашылды
13.12.2025, 17:44