Рогозин: «Протон» зымырандарын ұшыру тоқтатылды
|
«Протон» зымырантасығыштарын ұшыру соңғы апаттың себептерін тексеріп жатқан комиссия жұмысы аяқталғанша тоқтатылды. Бұл туралы вице-премьер Дмитрий Рогозин өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында айтты.
«Үкімет апат комиссиясы жұмыстарының нәтижесін күтіп отыр. Бұл жұмыстар аяқталғанша«Протон» ұшыру тоқтатылды. Оның үстіне мекемеде дағдарыс. Біз оларға бұл жағдайдан шығуға көмектесеміз»,-деп жазған вице-премьер.
Жұма күні «Экспресс-АМ4R» аппараты бар «Протон-М» зымырантасығышы апаттық жағдайға байланысты орбитаға ұшырылмады.
«Протон-М» зымырантасығышының мұның алдындағы апаты 2013 жылдың шілде айында болған еді. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған зымыран ұшқан бетте бірден кешеннен 2,5 шақырым жерге құлаған.
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оралда өрт шығып, газ ауа қоспасы жарылды
13.12.2025, 20:14
«Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңға жуық тұрғынға кәсіби қолдау көрсеткен
13.12.2025, 17:59
Алматыда «Жүректен жүрекке» атты фестиваль өтті
13.12.2025, 17:57
Домбыра мен сазсырнай Бельгия мұражайына табысталды
13.12.2025, 17:55
Түркі әлемінің жастары бас қосты
13.12.2025, 17:53
Арал аймағын көгалдандыру жайы өзекті
13.12.2025, 17:52
4,1 трлн теңгеге 62 инвестициялық жоба іске асады
13.12.2025, 17:48
Петропавлда өрт сөндіру бөлімі ашылды
13.12.2025, 17:44