Бес қару. Қылыш – биліктің де символы болған

Қазақ тартыспақ деп садақты, атыспақ деп мылтықты, шанышпақ деп найза, сүңгіні айтса, шабыспаққа қылыш, алдаспанды жатқызып, салыспаққа деп шоқпар, айбалтаны пайдаланып, жекпе-жекте қолданылатын қаруларды бес қару атаған.
Көшпелі халықтың танымында қылыштың да алар орны ерекше. Әр қазақтың төрінде қылыш пен қамшының табылуы парыз саналған.
Қылыш - қайқы келген, жүзі өткір, шабуға немесе шаншуға лайықталып жасалған суық қару. Қылыш көшпелі халықтарда шамамен 8 ғасырда қолданысқа ене бастаған. Ал X ғасырда бұл қару түркілер арқылы Батыс Еуропаға тарады.
Ата-бабаларымыз қылышқа жауынгердің сенімді құралы деп қана қарамаған. Сондай-ақ, символикалық мән берген.
Тарихшы Арман Жұмаділ: «Қылыш – биліктің де символы болды. Мысалы, қазақ хандарын ақ киізге көтеріп, хан сайлаған кезде беліне алтын балдақты қылыш байлайтын. Бұл да биліктің бір символы»,-дейді.
Әр батыр өзінің қылышымен ерекшеленетін болған. Бұл турасында профессор Аман Бекенұлының: «Амангелді батырдың қайқы қылышын жасаған кезде 40 атты әскерді қойып, жүзін ауаға қарсы қаратып, қолымен алып келесі адамға беріп, осылайша айналдырып шыққан. Осылайша, ауада суарған»,-дейді.
Қылыш жасаудың жолдары, құрылысы, түрлері туралы «Таңшолпаннан» біле аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сталкинг туралы жаңа заң күшіне енді
16.09.2025, 20:17

Заң мен Тәртіп болса, қоғамға жат кез келген әрекетке төзбеушілік пайда болады
16.09.2025, 20:15
Жамбыл облысында балалардың құқын қорғау басқармасы ашылады
16.09.2025, 20:14
Израиль Газа қаласын басып алу операциясын жүргізіп жатыр
16.09.2025, 20:12
Мемлекет басшысы Шахмат үйіне барды
16.09.2025, 20:08
Ұлттық волонтерлік желі арқылы 6 мыңдай ерікті оқудан өткен
16.09.2025, 20:07
Рени Хаттар: Дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі әлемдік аренада үлкен беделге ие
16.09.2025, 20:05
Сенат төрағасы: Жанжалдар бейбіт әрі дипломатиялық жолмен шешілуі тиіс
16.09.2025, 20:03