Қазмедиа ғимаратында «Шын жүректен» атты концерт өтті (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазмедиа ғимаратында «Шын жүректен» атты концерт өтті (ФОТО)

30.04.2015
Қазмедиа ғимаратында  «Шын жүректен» атты концерт өтті  (ФОТО)

Бүгін «Қазмедиа орталығының» кино-концерт залында Жеңістің 70 жылдығына орай «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы АҚ  ұйымдастырған «Шын жүректен» атты концерт өтті. Кеште соғыс жылдарындағы әндер жаңаша  сипатта орындалды.

Кеште Қазақстанның Халық әртісі Ескендір Хасанғалиев, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының жүргізушілері, отандық танымал орындаушылар – Ерлан Рысқали, Құрмаш Маханов, Дәурен Сейітжан,  Бақыт Шадаева, Мөлдір Әуелбекова, Ерлан Көкеев, Әлішер Кәрімов, Әйгерім Қалаубаева, Досымжан Таңатаров, Рүстем Нұржігітов және т.б. өнер көрсетті.

Мерекелік концертке соғыс және тыл ардагерлері, әскери қызметкерлер, сарбаздар және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Қазақстандық эстрада жұлдыздары мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оркестрінің қатысуымен өткен концерттің негізгі мақсаты – соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету.

Айта кету керек, кештің телевизиялық нұсқасын 9 мамыр күні сағат 21:00-де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының эфирінен  көруге болады.

Хабарламаларға жазылу