Елбасы Оңтүстік Қазақстанда жұмысы тоқтап тұрған өндіріс орындарын сынға алды
Бейне қолжетімді емес
Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысындағы брифингте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өңірде жұмысы тоқтап қалған кәсіпорындар мәселесін сынға алды.
«Жұмысы тоқтап тұрған өндірістер бар. Олар неге жұмыс істемейді? Зауыт салынды, ақша бөлінді, игерілді, осындай мәселелерді шешу керек қой. Мұндай мәселелерді шеше алмайтын бизнесмендер бізге не үшін қажет. Қарызды алып істемесе, банкрот етіп, басқа біреуге беру керек.», - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.
Оңтүстік Қазақстанда тығырыққа тірелген жобаның бірі - Арыс қаласындағы томат шығаратын зауыт. Президент дәл осы өндіріс орнын мысал ете отырып, облыс басшылығына бұндай кәсіпорындар проблемасын шешуді шегелей тапсырды.
«Томат пастасын шығаратын зауыт салынды. Бәрін көрсеттің. Мен мысал ретінде ылғи айтып жүремін, сендердің зауыттарың тоқтап тұрады. Сонда қандай жұмыс ол? Сұраныста бар заттарды шығару әрқашан бақылауда болуы керек. Екеуі де жұмыс істейтін болсын!», деді.
Нұрсұлтан Назарбаев өңір кәсіпкерлерін шағын және орта бизнес ашуға шақырды. «Мүмкіндіктерді пайдаланыңдар. «ШОБ дамыту үшін 100 жоба» деген кітап бар. Оңтүстікте бұл үшін барлық жағдай бар. Көкөністер өсіру қажет, 1-2 дақылмен шектелудің қажеті жоқ, малдарға жем-шөп қажет», - деді Президент.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49