Көлігін мүгедектерге арналған орынға қойғандар 92 600 теңге айыппұл төлейді
|
Астанада Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейтуге қатысты енгізілген өзгерістер күшіне енген 10 күннің ішінде 550-ден астам бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды astana.kz.
«Үстіміздегі жылдың 30 сәуірінен бастап, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейтуге қатысты енгізілген түзетулер күшіне енді. 10 күннің ішінде Астана қаласы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері 550-ден астам бұзушылықты тіркеді. Атап айтқанда, жылдамдықты асырғаны үшін 448 жүргізуші, басып озу, маневр жасау ережелерін бұзған 42, көлікті мас күйінде жүргізген 34, көлік қою ережелерін бұзған 12 (соның ішінде мүгедектерге арналған орынға қойған 5 жүргізуші), жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзған 10 жүргізуші, полиция қызметкерлерінің талаптарын орындамаған 5, медициналық куәландырудан бас тартқан 2 адам тіркелді», - деді Астана қаласы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының Әкімшілік практика бөлімінің бастығы Тахир Абдурахманов брифинг барысында.
Сонымен қатар, мүгедектерге арналған орындарға көлікті тоқтату немесе оны қою ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Атап айтқанда, 50 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК - 1852 теңге) көлемінде айыппұл салынады, яғни, 92 600 теңге.
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оралда өрт шығып, газ ауа қоспасы жарылды
13.12.2025, 20:14
«Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңға жуық тұрғынға кәсіби қолдау көрсеткен
13.12.2025, 17:59
Алматыда «Жүректен жүрекке» атты фестиваль өтті
13.12.2025, 17:57
Домбыра мен сазсырнай Бельгия мұражайына табысталды
13.12.2025, 17:55
Түркі әлемінің жастары бас қосты
13.12.2025, 17:53
Арал аймағын көгалдандыру жайы өзекті
13.12.2025, 17:52
4,1 трлн теңгеге 62 инвестициялық жоба іске асады
13.12.2025, 17:48
Петропавлда өрт сөндіру бөлімі ашылды
13.12.2025, 17:44