Өскеменде Жеңіс күні қарсаңында мемориалдық стела ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде Жеңіс күні қарсаңында мемориалдық стела ашылды

09.05.2014
Өскеменде Жеңіс күні қарсаңында мемориалдық стела ашылды
Жеңіс күні қарсаңында Өскеменде дәстүрлі көше мерекесі өтті - бұл жолы қала тұрғындары Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес Одағының Батыры Владимир Мызаны еске алып, құрмет көрсетті.
 
Ескерткіштің ашылуына өңір басшысы Бердібек Сапарбаев қатысты, ол облыс орталығы тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтап, бейбітшілік сыйлаған батырлар есімін ешқашан ұмытпай еске сақтауға шақырды.
 
Бұл күні В.Мыза көшесінде қолөнер жұмыстары жәрмеңкесі, балаларға арналған конкурс өтті  және кәсіпкерлер демеушілік көрсеткен  мерекелік лотерея ойнатылды.
 

Хабарламаларға жазылу