Ақтөбе әуежайына Әлия Молдағұлова есімі берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе әуежайына Әлия Молдағұлова есімі берілді

06.05.2021

Жеңіс күні қарсаңында Ақтөбе халықаралық әуежайына Әлия Молдағұлованың есімі берілді. Бүгін ұйымдастырылған мерекелік шараға батырдың туыстары мен қоғам қайраткерлері, ғалымдар қатысты. Сондай-ақ, әуежайдың кіреберісіне қазақтың қайсар қызының құрметіне бюст қойылды. Мерген қыздың мүсінін ақтөбелік Жеңіс Жұбанқосов бейнелеген. Биіктігі 3 метрге жуықтайды.

Жақсыбек Кемал


ақтөбе әлия молдағұлова әуежай ақтөбе әуежайы

Хабарламаларға жазылу