16 мамырда Алматыда «Музей түні» шарасы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

16 мамырда Алматыда «Музей түні» шарасы өтеді

06.05.2014
16 мамырда Алматыда «Музей түні» шарасы өтеді
16 мамырда Алматыдағы ҚР Мемлекеттік орталық мұражайында  дәстүрлі «Музей түні» шарасы өтеді,  деп хабарлайды мұражайдың мәдени-білім жұмыстары орталығының қызметкері Сымбат Баққұлова. Мемлекеттік орталық мұражайда   дәстүрлі шара осымен 9-шы рет ұйымдастырылуда.
 
Мекеме ұжымы бұл күні сағат 17.00-ден түн жарымына дейін әр алуан мәдени бағдарлама ұсынады.
 
Шара аясында Қаныш Сәтбаевтың  115 жылдығына арналған «Қазақ жерінің ұлы ғалымы», «Сақтау үшін жаңғырту» атты қалпына келтірілген экспонаттар көрмесі, «Сағаттар коллекциясы» және Hand made сәндік-қолданбалы өнер жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
 
Сонымен қатар, Қазақстан суретшілерінің кескіндеме, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер көрмелері, халық қолөнершілерінің жәрмеңкесі,  тақырыптық және шолу экскурсиялар, «Сиқыршылар шеберханасы» шығармашылық алаңы, шоу-дефиле мен шеберлік дәрістері өтеді, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ  көрсетілімдер ұсынады.
 
«Музей түні» іс-шарасын өткізудегі басты мақсат - музейдің тек ғылыми-зерттеу және мәдени-білім беру мекемесі ғана емес,  мәдени демалыс орны екенін көрсету. 2012-2013 жылдары өткен шараға 7000-нан астам адам келген», - дейді Сымбат Баққұлова.
 
Айта кетейік, әлем мұражайлары  өздерінің кәсіби мерекесін жыл сайын 18-мамырда атап өтеді. ҚР Мемлекеттік орталық мұржайында бұл күн 2006 жылдан бастап мерекеленіп келеді.

Хабарламаларға жазылу