Қарағанды облысында бірқатар азық-түлік өнімдері қымбаттады
Қарағанды облысында әлеуметтік маңызы бар 33 өнімнің 14-інің бағасы қымбаттады, деп хабарлайды облыстық Статистика департаментінің басшысы Жанат Садықова.
«Әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын күнделікті бақылау қорытындысы бойынша, бір аптаның ішінде 33 өнімнің 14-і қымбаттағаны туралы дерек тіркелді», - деді бүгін облыс әкімдігінде өткен жиын барысында Жанат Садықова.
Оның атап өтуінше, негізінен облыс аумағына енгізілген тауарлардың бағасы артуда. «Күнбағыс майы орта есеппен 10 теңгеге, қара шай - 15-тен 31-теңгеге дейін, майонез орта есеппен 23 теңгеге, мәйекті ірімшіктер - 100 теңгеге, қияр - 45-50 теңгеге, қызанақтар орта есеппен 27 теңгеге көтерілген»,- деп нақтылады статистика департаментінің басшысы.
Жанат Садықованың сөзіне қарағанда, азық-түліктің 15 түрі: нан, сүт, ет, сары май, тұз бен басқа өнімдердің бағалары өзгермеген.
Статистика ведомствосының мәліметтері бойынша, түрлі сауда орындарында 1-сұрыпты ұн, макарон өнімдері мен жарма бағасы төмендеген.
«Соңғы екі тәулікте түрлі сауда орындарында көкөніс өнімдерінің бағасы төмендегені байқалады: картоп 13-тен 18 теңгеге дейін, сәбіз 5-6 теңгеге, қызылша 12-25 теңгеге төмендегені байқалады», - деп атап өтті Жанат Садықова.
Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бауыржан Асановтың хабарлауынша, бүгінгі таңда аймақтық тұрақтандыру қорынан 150,6 тонна көкөніс өнімдері: 132,3 тонна картоп, 8,6 тонна сәбіз, 9,7 тонна қырыққабат саудаға шығарылған. Ол сондай-ақ бағаны ұстап тұру мақсатында жергілікті өндірушілердің қатысумен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылып жатқанын жеткізді.
<span 12px;\"="">«15 ақпан күні өткізілген жәрмеңкеде 21 тоннадан астам ет өнімі, 1,3 тонна сүт өнімі, 100 мың данадан астам жұмыртқа, жалпы алғанда 24 миллион теңгенің өнімі сатылды. Бұл сауда-саттықтағы баға нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен болды», - деді Бауыржан Асанов.
Отандық тауарлар бойынша бағаның өсуіне негіз жоқ, деп атап өтті облыс әкімі Бауыржан Әбдішев.
«Бақылауды жалғастырыңыздар. Егер оны орындамайтындар болса, шара қолданып, қатаң түрде жазалайтын боламыз», - деп мәлімдеді өңір басшысы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оралда өрт шығып, газ ауа қоспасы жарылды
13.12.2025, 20:14
«Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңға жуық тұрғынға кәсіби қолдау көрсеткен
13.12.2025, 17:59
Алматыда «Жүректен жүрекке» атты фестиваль өтті
13.12.2025, 17:57
Домбыра мен сазсырнай Бельгия мұражайына табысталды
13.12.2025, 17:55
Түркі әлемінің жастары бас қосты
13.12.2025, 17:53
Арал аймағын көгалдандыру жайы өзекті
13.12.2025, 17:52
4,1 трлн теңгеге 62 инвестициялық жоба іске асады
13.12.2025, 17:48
Петропавлда өрт сөндіру бөлімі ашылды
13.12.2025, 17:44