Қазақстан бірыңғай еуразиялық әуе кеңістігі тұжырымдамасын қолдамады
Мәжілісмен Асхат Бекеновтың Бірыңғай еуразиялық әуе кеңістігін құру мәселесіне қатысты депутаттық сауалына Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов жауап берді.
«Атқарылған шаруалардың нәтижесіне сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақ келісімшарты жобасындағы бірыңғай еуразиялық әуе кеңістігі туралы нормалар алынып тасталды», делінген хабарламада.
Қазіргі таңда келісімшарт жобасындағы «әуе көлігі» бөлімінің үкіметаралық екіжақты келісімдерді дамыту мен жетілдіруді қарастыратын нұсқасын таратар мақұлдады.
Еске сала кетейік, сәуір айында Асхат Бекенов Үкімет басшысына бірыңғай еуразиялық әуе кеңістігін құру идеясы және әуе көлігіне қатысты алаңдаушылық білдіріп, депутаттық сауал жолдаған болатын. Ол бірыңғай еуразиялық әуе кеңістігін құру Қазақстанның Азаматтық авиациясына зиянын тигізетінін айтқан.
Депутат өз күдігін нақты деректермен жеткізген: Ең ірі қазақстандық әуе тасымалдаушы «Эйр Астананың» әуе флотында 28 әуе көлігі болса, көлемі жағынан екінші ірі әуе тасымалдаушы «SCAT» компаниясында 20 әуе көлігі бар. Ал Ресейдің екі ірі компанияларының әрқайсысында 137 («Аэрофлот») және 101 («Трансаэро») әуе көліктерінен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Израиль Ливанға соққы беруді тоқтатқан жоқ
11.06.2026, 20:59
СІМ қазақстандықтарға Иранға бармауға кеңес берді
11.06.2026, 20:58
Халық табысын арттыруға арналған арнайы жоспар қабылданды
11.06.2026, 20:56
Сенат рақымшылық туралы заңды мақұлдады
11.06.2026, 20:55
Шымкенттің жалпы өнім көлемі 6 трлн теңгеге жуықтады
11.06.2026, 20:53
Бүгін футболдан Әлем чемпионаты басталады
11.06.2026, 20:17
«Үлкен Алтай-2026» халықаралық конференциясы өтті
11.06.2026, 20:14
Қытайдың Цзянсу провинциясымен меморандумға қол қойылды
11.06.2026, 20:12