«KazSat-3» қазақстандық спутнигі сәтті ұшырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«KazSat-3» қазақстандық спутнигі сәтті ұшырылды

28.04.2014
«KazSat-3» қазақстандық спутнигі сәтті ұшырылды
Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 10:25-те «Байқоңыр» ғарыш айлағының № 81 алаңынан «Бриз-М» үдеткіш блогы мен «Луч-5В» және «KazSat-3» коммуникациялық ғарыш аппараттары бар «Протон-М» ғарыш  зымыраны сәтті ұшырылды.
 
Бұл туралы Ұлттық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
 
«KazSat-3» ұлттық геостационарлық спутнигі телевизиялық хабар тарату, тиянақталған байланыс, интернет және деректерді берудің қазақстандық нарығының мүмкіндіктерін арттыруға арналған.

Хабарламаларға жазылу