«Ariane-5» зымырантасығышы француз Гвианасынан сәтті ұшырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ariane-5» зымырантасығышы француз Гвианасынан сәтті ұшырылды

20.07.2015
«Ariane-5» зымырантасығышы француз Гвианасынан сәтті ұшырылды

«Ariane-5» зымырантасығышы француз Гвианасындағы «Куру» ғарыш айлағынан еш кедергісіз ұшырылды. Зымыран әуеге сәтті көтерілген.

Құрылғы орбитаға еуропалық «MSG-4» метеорологиялық спутнигі мен бразилиялық «Star One C4» байланыс спутнигін алып шығуы тиіс.

«Ariane-5» - жүкті Жер төңірегіндегі төменгі орбитаға шығаруға арналған еуропалық зымырантасығыш.

Оны құрастыруға 10 жылға жуық уақыт жұмсалған. Зымырантасығыштың құны 5 миллиард АҚШ долларын құрайды.

Хабарламаларға жазылу