Жапонияда «Epsilon-3» зымыраны сәтті ұшырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда «Epsilon-3» зымыраны сәтті ұшырылды

18.01.2018

Бүгін Жапонияның Утиноура космодромынан «Epsilon-3» зымыраны сәтті ұшырылды. Мұны жергілікті телекомпаниялар тікелей эфирден көрсеткен. Ұзындығы 24 метрлік ракетаның бортында коммерциялық спутник бар.

«Epsilon» үш сатылы, қатты отынды ракета түріне жатады. Оған кеткен шығын өзге зымырандарға жұмсалған қаржының үштен бір бөлігін ғана құрайды.

Айта кетсек, бұған дейін осы старт ауа райының қолайсыздығына байланысты екі рет кейінге қалдырылған екен.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу