WSB. Мәди Шолақов Гаирбек Гермахановқа есе жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

WSB. Мәди Шолақов Гаирбек Гермахановқа есе жіберді

26.04.2014
WSB. Мәди Шолақов Гаирбек Гермахановқа есе жіберді
«Астана арландары» мен «Baku Fires» арасындағы кездесу жалғасуда. Шаршы алаңда жұдырықтасу кезегі 56 келі салмақтағы боксшыларға да келді. Бұл айқаста бапкерлердің таңдауы Мәди Шолақовқа түсті.
 
28 жастағы боксшы «Астана арландары» сапына биыл қосылып, бір ғана жекпе-жек өткізді. Сол кездесуде ол ресейлік Никита Федорченкодан айласын асырған еді.
 
Бұл жолы Мәдидің қарсыласы тәжірибелі Гаирбек Гермаханов болды. Әзірбайжандық команданың боксшысы Дүниежүзілік бокс сериясының 2011/12 жылғы маусымын өз салмағында бірінші орынмен қорытындылаған еді.
 
Жекпе-жек аса тартысты өтті. Бес раунд қорытындысы бойынша, Гайрбек Германханов ұпай санымен басымдыққа ие болды.
 
Айта кетейік бұған дейін «Астана арландары» сапынан Теміртас Жүсіпов  жекпе-жекті жеңіспен аяқтаған еді. Енді шаршы алаңға 64 келіде Асхат Уәлиханов, 75 келіде Сергей Деревянченко, 91 келіде Василий Левит шығады.
 

Хабарламаларға жазылу