WSB. Асхат Уәлиханов Гайбатулла Гаджиалиевтан ұпай санымен ұтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

WSB. Асхат Уәлиханов Гайбатулла Гаджиалиевтан ұпай санымен ұтылды

25.04.2014
WSB. Асхат Уәлиханов Гайбатулла Гаджиалиевтан ұпай санымен ұтылды
Дүниежүзілік бокс сериясының жартылай финалындағы «Астана арландары» мен «Baku Fires» арасындағы жекпе-жектер жалғасуда. Астанада өтіп жатқан айқаста шаршы алаңға үшін болып 64 келі салмақта Асхат Уәлиханов пен Гайбатулла Гаджиалиев шықты.
 
Бұл салмақта алдын-ала тізімде Жәнібек Әжібай тіркелген еді. Дегенмен бас бапкер Асхат Уәлихановтың жұдырықтасқаны жөн деп шешкен. Асхат  та жекпе-жекке  тас-түйін дайын екенін мәлімдеген болатын.
 
Айта кетейік, Асхат Уәлиханов  бұл маусымдағы алғашқы жекпе-жегін әзірбайжандық Осман Әлиевпен өткізіп, жеңіске жеткен еді. Жалпы, ол WSB аясындағы төрт жекпе-жектің үшеуін өз пайдасына шешті.
 
Гайбатулла Гаджиалиев те бұл маусымда өткізген төрт жекпе-жектің үшеуін жеңіспен аяқтаған. Әзірбайжандық боксшы бұл жолы да бабында екенін көрсетті. Асхатты ұпай айырмашылығымен жеңіп, командасының қоржынына 2-ші ұпайды салды.
 
Айта кетейік бұған дейін Теміртас Жүсіпов жекпе-жекті жеңіспен аяқтады. Ал, Мәди Шолақов қарсыласқа есе жіберді. Енді шаршы алаңға 75 келіде Сергей Деревянченко мен 91 келіде Василий Левит шығады.

Хабарламаларға жазылу