Қазақ күресінен барлық балуан жүлде жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ күресінен барлық балуан жүлде жеңіп алды

27.10.2023

Әр-Риядта өтіп жатқан V Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындары бағдарламасына бірінші рет қазақ күресі енді. Балуандар 5 салмақта өзара мықтыны анықтады. Ұлттық спорт түрінен ел намысын қорғаған барлық спортшымыз жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жұмажан Қожамбеков, Мәди Амангелді мен Роза Нысантайқызы өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, алтын медаль жеңіп алды. Ал шешуші сайыста белдескен Нұр Аманшүкіров өзбекстандық спортшыға есе жіберді. Жартылай финалда жеңілген Рауза Нұрмұхамбетова қола медаль үшін айқаста қарсыласынан басым түсті. Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 1-орын алса, Өзбекстан мен Қырғызстан үздік үштікті түйіндеді. Қазақ күресінен 14 мемлекеттен 40 палуан бақ сынады.

Мәди Амангелді, Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарының чемпионы:

Жарыс өте қарқынды, өте биік деңгейде өтті деп айтуға болады. Әлемнің барлық мықты-мықты жігіттері, мықты-мықты балуандары келген болаты. Қазақ күресі қазір өте қатты дамып жатыр.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу