WSB. Асхат Уәлиханов та жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

WSB. Асхат Уәлиханов та жеңіске жетті

11.01.2014
WSB. Асхат Уәлиханов та жеңіске жетті
Дүниежүзілік бокс сериясы аясындағы «Astana Arlans» пен «Poland Hussars» командалары арасындағы кездесуде үшінші болып шаршы алаңға 64 келідегі боксшылар көтерілді. Бұл салмақтағы «арлан» Асхат Уәлихановтың қарсыласы - Дамиан Кивиор  болды.
 
Жекпе-жекті Асхат Уәлиханов аздаған ұпай артықшылығымен аяқтады. Бұл - қазақстандық боксшының Дүниежүзілік бокс сериясындағы екінші жеңісі. Бұған дейін Асхат әзірбайжандық Осман Әлиевтен басым түскен болатын.
 
Естеріңізге сала кетейік, қос команданың арасындағы жекпе-жек Польшаның Вышкув қаласында өтіп жатыр.

Хабарламаларға жазылу