Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Әлем чемпионатында алғашқы жүлде қоржынға түсті. 51 келі салмақта Алуа Балқыбекова Әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.
Қазақ қызы ширек финалға дейін француз Майлис Ганглофтан 2:1 есебімен басым түсті. Ширек финалда Вьетнам боксшысы Ван Нгуенді 3:0 есебімен айқын ұтты.
Жартылай финалда армениялық Ануш Григорянға есе жіберген Алма Балқыбекова үшінші орынды місе тұтты.
Айта кетейік, қыздар бәсекесінде Валентина Хальзова (75 келі) ширек финалдан өте алмаса, Назым Ищанова (60 келі) бірінші айналымда сүрінді.