Бокстан қыздар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына, Қазақстан атынан алты боксшы шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокстан қыздар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына, Қазақстан атынан алты боксшы шығады

16.05.2022

Бокстан қыздар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына, Қазақстан атынан алты боксшы шығады. Олар Алуа Балқыбекова, Жайна Шекербекова, Дина Жоламан, Карина Ибрагимова, Валентина Хальзова және Гүлсая Ержан. Боксшы қыздар Индия, Италия, Сербия, Ирландия, Австралия, Литва елінің спортшыларымен жұдырықтасады. Стамбұлда өтіп жатқан әлемдік дода 9 мамырда басталған. Өкінішке қарай, ел намысын қорғауға аттанған 12 боксшының алтауы, жарыс жолынан шығып қалды. Финалдық сайыстар 19-20 мамырға белгіленген. Қазақстан аумағында, әлем чемпионатын «Qazsport» телеарнасынан көре аласыздар.

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу