Әлем чемпионаты: Алты бокшы ширек финалға өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем чемпионаты: Алты бокшы ширек финалға өтті

16.05.2022

Бокстан қыздар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына Қазақстан атынан алты боксшы шығады. Олар Алуа Балқыбекова, Жайна Шекербекова, Дина Жоламан, Карина Ибрагимова, Валентина Хальзова және Гүлсая Ержан. Боксшы қыздар ¼ финалда Индия, Италия, Сербия, Ирландия, Австралия, Литва елінің спортшыларымен жұдырықтасады.

Стамбулда өтіп жатқан әлемдік дода 9 мамырда басталған.

Өкінішке қарай, ел намысын қорғауға аттанған 12 боксшының алтауы жарыс жолынан шығып қалды. Финалдық сайыстар 19-20 мамырға белгіленген. Қазақстан аумағында әлем чемпионатын «Qazsport» телеарнасынан көре аласыздар.  

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу