Бокстан Азия чемпионаты: 9 спортшы финалға жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокстан Азия чемпионаты: 9 спортшы финалға жолдама алды

28.05.2021

Дубайда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында тоғыз бірдей спортшы қызымыз финалға жолдама алды. Ел спортының тарихында бұрын-соңды мұндай жетістік болмаған. Енді олар 30 мамыр күні финалда бақ сынайды.

Жартылай финалдық жекпе-жектерде алғашқы болып, шаршы алаңға шыққан Алуа Балқыбекова үндістандық қарсыласын жеңді. Артынша 51 келі салмақтағы екі дүркін Әлем чемпионы Назым Қызайбай бірінші раундта-ақ қарсыласын тізе бүктірді. Ол шриланкалық боксшыны айқын басымдықпен жеңді.

Өзге спортшыларымыз да Азия чемпионатының алтыны үшін жұдырықтасады. Аса ауыр салмақтағы Әлем чемпионы Ләззәт Күнгейбаева да бірінші раунда жеңіп, финалға жолдама алды. 

Телжан Күдеров

Хабарламаларға жазылу