Түркияда бокстан өтіп жатқан Әлем чемпионатында Алуа Балқыбекова финалға жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда бокстан өтіп жатқан Әлем чемпионатында Алуа Балқыбекова финалға жолдама алды

19.05.2022

Түркияның Стамбул қаласында бокстан өтіп жатқан Әлем чемпионатында отандасымыз Алуа Балқыбекова финалға жолдама алды.

48 келіде жұдырықтасқан қазақ спортшысы жартылай финалда болгариялық Севда Асенованы 1-ші раундта нокаутқа жіберді. Сонымен қатар, кеше Қазақстан қоржынына 4 бірдей медаль түсті. 52 келіде Жайна Шекербекова, 54 келіде Дина Жоламан, 57 келі салмақта Карина Ибрагимова және 70 келіде Валентина Хальзова әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу