«Mustafa-Астана» атауымен тегін таэквондо мектебі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Mustafa-Астана» атауымен тегін таэквондо мектебі ашылды

22.04.2014
«Mustafa-Астана» атауымен тегін таэквондо мектебі ашылды
Қазақстанда  таэквондоны дамыту және балалар спортын қолдау мақсатында  Таэквондо федерациясы балаларға арналған тегін алты спорт клубын ашады, деп  хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Осындай клубтардың бірі Астанада ашылды. Ол қазақ-түрік таэквондо мектебін ашқан  Мұстафа Өзтүріктің құрметіне  «Mustafa-Астана» деген атауға ие болды.
 
«Алты аймақтық балалар спорт клубының ашылу бағдарламасының басталғанын зор қуанышпен жеткізгіміз келеді.  Онда болашақта ел намысын қорғайтын спортшылар тәлім алмақ.  Материалдық қиындықтар талантты спортшыларды тәрбиелеу ісінде кедергі тудырмас үшін, біз барлық шығындарды өтеуді өз мойнымызға алдық», - деді Астанадағы мектептің ашылу салтанатында ҚР Таэквондо  федерациясының президенті Вячеслав Ким.
 
Айта кетейік, «Mustafa-Astana» клубы «Сарыарқа» велотрегінің ғимаратында 500 шаршы метр аумақты алып жатыр.  Жақын арада еліміздің шығыс, оңтүстік, батыс және солтүстік өңірлерінде тағы бес клуб ашу жоспарланған.

Хабарламаларға жазылу