Шығыс Қазақстан облысының Екпін ауылында ат спорты мектебі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысының Екпін ауылында ат спорты мектебі ашылды

25.02.2016
Шығыс Қазақстан облысының Екпін ауылында ат спорты мектебі ашылды
Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы Екпін ауылында ат спорты мектебі ашылды. Оны ауыл тұрғыны өз қаражатына салған.

Шағын елді мекенде ат спорты кешенінің ашылысымен 6 адам жұмыспен қамтылды. Болашақта осы мектептің негізінде көкпар ұлттық ат спорты ойынын дамыту көзделген.

Ат спорты мектебі жекеменшік болса да, осы өңірдегі барлық балаларға атқа міну, шабандоздықтың қыр-сырын үйрену тегін.

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу