Астанада иммунизация апталығы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада иммунизация апталығы өтеді

21.04.2014
Астанада иммунизация апталығы өтеді

22-26 сәуір күндері Астанада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен Еуропа мен ТМД барлық елдерінде ұйымдастырылатын кезекті иммунизация апталығы өткізіледі. Бұл туралы елордалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды astana.kz сайты.  

Екпе жасау тегін, соның ішінде өзге елдерден келгендер үшін де. Мамандардың айтуынша, иммунизация апталығы барысында екпені тіркелуінің болу-болмауына қарамастан, кез келген адам қалалық аумақтық емханаларда жасата алады.  

Қазіргі заманда халықтың қарқынды көші-қон үдерісі кезінде Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан полиомиелиттің жабайы вирусының, қызылша, пандемикалық тұмау мен басқа да жұқпалы аурулар қоздырғыштарының кез келген елге, соның ішінде Қазақстанға да әкелінуі қаупі төнеді.   Тұрақты эпидемиялық жағдайды қалыптастыру үшін республикамызда балалар мен жасөспірімдерді қызылшаға, қызамыққа, полиомиелитке қарсы қосымша жаппай егу шарасы жүргізіледі. Айта кетейік, Еуропа аймағында вакцинация арқылы алдын алуға болатын аурулардан жыл сайын 32 мыңға жуық бала қаза табады.  

Орталықтың атап өтуінше, иммунизация жыл сайын миллиондаған адамның өмірін сақтап қалады. Медицина қызметкерлері халыққа аурулардың қаупі мен вакцинацияның артықшылықтары туралы ақпаратты жеткізулері тиіс.

 

Хабарламаларға жазылу