Астанада ІІІ Франкофония жәрмеңкесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ІІІ Франкофония жәрмеңкесі өтеді

29.03.2014
Астанада ІІІ Франкофония жәрмеңкесі өтеді
Бүгін Астанада жыл сайынғы ІІІ Франкофония жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Француз Альянсы хабарлады.
 
Бағдарламада елорда тұрғындары мен қонақтары үшін франкофонияны дәріптейтін елдер мен француз компанияларының көрмелік стендтері, француз компанияларынан және брендтерінен сыйлықтар мен сертификаттар табысталатын байқаулар мен ойын-сауықтар, сондай-ақ, француз шараптарынан, ірімшік пен наннан дәм тату ұйымдастырылады.
 
Айта кету керек, Франкофония дипломатиялық жолмен саяси мақсаттарға қолжеткізуге ұмтылатын халықаралық ұйымның негізі. Франкофония халықаралық ұйымы франуз тілі мен мәдениетін дәріптейтін, тұтынатын әлемнің бес құрлығындағы  мемлекеттерге ортақ деп саналады. Оған тек француз тілінде сөйлейтін елдер ғана емес, Румыния, Мысыр, сондай-ақ, бақылаушы ел - БАӘ қатысады.
 
Жыл сайын Қазақстандағы франкофонияны дәріптейтін елдер елшіліктерінің бірлесіп ұйымдастырумен алты қалада - Астана, Алматы, Қарағанды, Өскемен, Шымкент, Қостанай, Өскеменде көркемөнер фестивалі өтеді.
 
Биыл жәрмеңке Астанада 29 наурызда «Ajar-Astana Mall» СОО атриумында 14.00-18.00 аралығында өтеді.
 
Сондай-ақ, 25-31 наурыз күндері сағат 19.00-де  «Сарыарқа» сауда, ойын-сауық орталығында француз киносының апталығы өтпек.

Хабарламаларға жазылу