Кәсіпкерлер депутаттардан мемлекеттік сатып алу туралы заңды өзгертуді сұрап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлер депутаттардан мемлекеттік сатып алу туралы заңды өзгертуді сұрап отыр

28.04.2017

Кәсіпкерлер депутаттардан мемлекеттік сатып алу туралы заңды өзгертуді сұрап отыр. Бүгін  «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясының кеңейтілген отырысы өтті. Оған Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мен «Атамекен » Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев қатысты.

Кәсіпкерлік палатасының өкілдері бүгін депутаттарға атқарып жатқан жұмыстарын баяндады. Қазір елімізде 1 миллион 100 мың шағын және орта бизнес субьектісі жұмыс істеп тұр.

Халықты жаппай кәсіпкерлікке баулып, 2050 жылға дейін жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 50 пайызға жеткізу керек.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу