Сирияда мемлекет басшылығына үміткерлерді тіркеу басталды. Ел тарихында алғаш рет президенттікке бірнеше үміткер өтініш бере алады. Дауыс беру дүйсенбіден басталады. Дауыс беру 17 шілдеден кеш болмауы керек. Себебі, бұл күні президент Башар Асадтың билік ету мерзімі аяқталады. Сириялық биліктің өтінішіне сәйкес, дауыс беру маусым айында немесе шілденің басында өтуі керек. Нақты күнді сириялық парламент үміткерлерді тіркеу басталған соң хабарламақ.
Сирия билігі сайлауды тоқтату немесе ауыстыру мүмкіндігі болмайтынын айтады. «Біз президент сайлауының қауіпсіздік саласы, ішкі немесе сыртқы саясатқа байланысты тоқтатылуына жол бермейміз»,-дейді елдің ақпарат министрі Умран Аз-Зоуби.
Наурыз айында парламент ел тарихында алғаш рет президенттікке бірнеше үміткердің қатысуына мүмкіндік беретін жаңа заңды қабылдаған болатын. Заң бойынша үміткердің жасы 40-тан кем емес, сондай-ақ, соңғы 10 жылда Сирияда тұруы шарт. Үміткерде шетелдік азаматтық болмауы керек.
Сирияның қазіргі президенті Башар Асад ел президенті болып, 2007 жылдың 27 мамырында ұлттық референдум нәтижесінде 97,62 пайыз дауыс жинап сайланған болатын.