Алматыда «Киіз үй күні» атап өтілді
Бүгін Алматыда «Киіз үй күні» атап өтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Шара барысында жалпы саны 10 үй тігілді. Халықаралық бизнес академиясының ректоры Асылбек Қожахметовтың айтуынша, киіз үйді тұрғызуға қала тұрғындары да атсалысқан. Олар сондай-ақ, көшет отырғызып, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татқан.
«Бұл үлкен танымдық шара! Бүгін қала тұрғындары келіп, киіз үй тұрғызуға қатысып, көшет отырғызып, қазақтың ұлттық тағамдары - бауырсақ, қымыз, шұбаттан дәм татты. Біздің бүгінгі «Киіз үй» мерекесінде 10 үй тігілді. Міне, осы шараға келгендер қазақтың киіз үйінің қандай бөліктерден тұратынымен танысып жатыр. Құнды мәліметтер алды», - дейді ол.
Сонымен қатар, бүгін осы жоғары оқу орны аумағында қалалық «Алма-Qala - бақша-қаланы қайта өркендетеміз» шарасы аясында көшеттер отырғызылды.
Халықаралық бизнес академиясының қоғаммен байланыс орталығының директоры Нүрия Хасанова «Сиверс» сұрыбы бойынша 10 көшет отырғызылғанын айтады. «Бұл шараға студенттер мен оқытушылар қатысты. Жалпы, көшет отырғызу - жаңа өмірдің басталғандығының, болашаққа ұмтылудың тағы бір символы болып табылады»,- деді ол.
Аталмыш шараға «Алма-Qala» қозғалысының директоры, Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Ерлан Стамбеков пен қазақстандық франчайзинг қауымдастығының вице-президенті Бекнұр Қисықов қатысты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өтінімдердің 30%-ын eGov GPT өңдейді
11.09.2026, 20:31
Азиада: Қазақстан туын Е.Сметов пен С.Миркадирова ұстап шығады
11.09.2026, 20:30
Елена Рыбакина US OPEN финалына жолдама алды
11.09.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-квест өтті
11.09.2026, 20:22
ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
11.09.2026, 20:20
Ағза ауыстыру бойынша 100 операция жасалды
11.09.2026, 20:19
Бір түнде 3 адамға трансплантация жасалды
11.09.2026, 20:19
Биыл көмір тапшылығы болмайды
11.09.2026, 20:18