СҚО әкімі Олимпиада және Паралимпиада қатысушыларына сыйақы берді
СҚО әкімі Самат Ескендіров 2014 жылғы Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындардың қатысушыларымен кездесті. Сочиде Солтүстік Қазақстанның төрт спортшысы бақ сынады. Спортшылар мен олардың бапкерлеріне өңір басшысы Құрмет грамоталарын, Алғыс хаттар мен 1 мың доллар көлемінде ақшалай сыйақы табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жолдаманы жеңіп алған конькимен жүргіушілер Дмитрий Бабенко мен Роман Креч - біздің мақтанышымыз. Біз Олимпиаданы ерекше шабытпен тамашаладық. Паралимпиадашылар Қайрат Қанапин мен Елена Мазуренконы да құттықтаймыз. Қазақстандықтар жеңіп алған бес жолдаманың екеуі біздің еншімізге бұйырды», деді Самат Ескендіров.
Конькимен мәнерлеп сырғанаушылар Дмитрий Бабенко мен Роман Креч - халықаралық санаттағы спорт шеберлері. Ал, Қайрат Қанапин мен Елена Мазуренко - шаңғы жарысы бойынша спорт майталмандары.
Қазіргі уақытта СҚО-да дене тәрбиесімен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын 140 мыңнан астам адам бар.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әр үйде отбасы құндылықтары орнығуы қажет»
14.09.2026, 10:40
Елена Рыбакина – әлемнің бірінші ракеткасы
14.09.2026, 10:08
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая эфирге шығады
14.09.2026, 10:08
Манарбек Ержановтың есімі Түркияда ұлықталды
14.09.2026, 10:07
Теңізде паром аударылып, 129 адам жоғалып кетті
14.09.2026, 10:06
Мұнай бағасы 3 пайызға жуық қымбаттап, 107 доллардан асты
14.09.2026, 10:06
«Қазақстан халқына» қорынан 220 талапкер білім беру грантына ие болды
14.09.2026, 10:05
ШҚО-да тұмауға шалдыққандар күрт көбейді
14.09.2026, 10:03