Мұнай бағасы 3 пайызға жуық қымбаттап, 107 доллардан асты
Бүгін әлем нарығында мұнай бағасы бірден 3 пайызға жуық қымбаттады. Соңғы мәліметке қарағанда, оның Brent маркасының баррелі 107 доллар 51 центке сатылып жатыр. Ал осы шикізаттың америкалық сұрбының бөшкесі 102 долларға саудаланып отыр.
Сарапшылардың сөзінше, «қара алтын» құнының күрт өсуіне йемендік хуситтердің Сауд Арабиясының Джаван провинциясында үйлер мен бір мешітке шабуыл жасауы және Иранның Парсы шығынағында кемелерге соққы беруі себепші.
Болжамдарға
қарағанда, мұнай бағасы әрі қарай да көтерілуі мүмкін. Себебі хуситтердің
шабуылынан дүниежүзінің ең ірі энергетикалық шикізат экспортері - Саудиядан
халықаралық нарыққа «қара алтын» шығару қиындап барады.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚоғамның мәдениетін әдеп қалыптастырады
05.11.2026, 17:18
Сапалы білім – заман талабы
05.11.2026, 17:17
Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасы халықаралық деңгейде талқыланды
05.11.2026, 17:15
«Бүркіт» арнайы жасағына алғашқы жауынгер қыз қабылданды
05.11.2026, 17:13
ТМҰ басты мақсаты – ынтымақ
05.11.2026, 17:12
Банктердің қаржысы нақты секторларға бағытталуы тиіс
05.11.2026, 17:07