Теңізде паром аударылып, 129 адам жоғалып кетті
Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-дей маман жіберілген. Мұны бүгін осы елдің үкімет өкілдері мәлімдеді.
Құтқарушылар агенттігінің дерегінше, 243 адам мінген су көлігі жексенбі күні таңертең дауылдан көтерілген алып толқынға тап болып, бір жағына қисайған. Соңғы мәліметке қарағанда, 108 адам құтқарылып, алтауының қаза тапқаны расталды. Қазір апаттың нақты себебі тергеліп жатыр.
Айта кетсек, 17 мың
аралдан құралған Индонезияда паромдар үлкен сұранысқа ие. Себебі олармен
қатынау ұшақпен салыстырғанда әлдеқайда арзан.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚоғамның мәдениетін әдеп қалыптастырады
05.11.2026, 17:18
Сапалы білім – заман талабы
05.11.2026, 17:17
Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасы халықаралық деңгейде талқыланды
05.11.2026, 17:15
«Бүркіт» арнайы жасағына алғашқы жауынгер қыз қабылданды
05.11.2026, 17:13
ТМҰ басты мақсаты – ынтымақ
05.11.2026, 17:12
Банктердің қаржысы нақты секторларға бағытталуы тиіс
05.11.2026, 17:07