Көкпектіге көмек жетті
                    Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Көкпекті ауылында тасқын құрбандары саны әлі анықталу үстінде.  Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Бөгет бұзылып, ауылды су басуының салдарынан  бес адамның қайтыс болғаны анықталды, зардап шеккендердің саны анықталып жатыр. 300-дей үйді су басты, екі үй ішінара қираған. Жалпы шығын есептеліп жатыр. Құқық қорғау органдары тұрақты қадағалау жүргізіп жатыр, олар тонаушылыққа жол бермеу үшін аулаларды аралап, бақылап отырады», - делінген хабарламада.
Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божкомен бірге су басқан аумақтарды шолып шықты. Тұрғындармен кездесіп, олардың ешқайсысының жәрдемсіз қалмайтынын айтты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тасқын судың беті қайтқан, қазір жертөлелер мен ұралар ғана суға толып тұр, аулалардан су далаға айдалып жатыр. Арнайы комиссия табиғи апаттың шығынын есептеуге кірісіп кетті.
Айта кетейік, 31 наурызға қараған түні Көкпекті су қоймасы тасып, іргедегі ауылды су басқан болатын. Алғашқыда төрт адам қаза тауып, тағы тоғыз адам зардап шеккені хабарланды. 400 адам қауіпсіз жерге, өзге ауылдардағы туыстарының үйіне көшірілді.
                                    Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
                                Шымкентте мемлекетке қайтқан су-спорт кешені әлі қаңырап бос тұр
                                    04.11.2025, 10:45
                                
                                «Халық заңгері» акциясы аясында 120 мыңнан астам қазақстандық тегін кеңес алды
                                    04.11.2025, 10:40
                                Заңсыз онлайн-лотерея ұйымдастырған 89 азамат жауапкершілікке тартылды
                                    04.11.2025, 10:35
                                 Трамп саясатын қолдайтын америкалықтардың саны күрт азайды
                                    04.11.2025, 10:30
                                 Ресейде 20 мыңға жуық тұрғын сусыз қалды, бензин тапшылығы ұлғайды
                                    04.11.2025, 10:20
                                 Елімізде астық жинау науқаны аяқталды
                                    04.11.2025, 10:15
                                 Ақтөбеде жол апатынан зардап шеккен екі адам ауруханадан шықты
                                    04.11.2025, 10:10
                                Қызылордада қар аралас жаңбыр жауып жатыр
                                    04.11.2025, 10:05