Басты Жаңалықтар Шымкентте 7 жыл бойы ақша жымқырғандар сотталды

Шымкентте 7 жыл бойы ақша жымқырғандар сотталды

Шымкентте 7 жыл бойы бюджет қаржысын тонап келген екі бірдей колледждің құрылтайшысы 10 жылға сотталды. Тергеу мәліметінше, қылмыстық схема 2018 жылдың тамызынан 2025 жылдың қаңтарына дейін жүзеге асқан. Гуманитарлық колледж бюджет қаржысын жымқыру үшін қағаз жүзінде ғана жұмыс істеген. Ал медициналық колледждің ақылы бөліміндегі студенттер мемлекет есебінен оқығандар ретінде рәсімделген. Бұдан бөлек, бұйрықтар мен өзге де құжаттар қолдан жасалып, орындалған жұмыстардың жалған актілері толтырылған. Кейін бұл деректер Ұлттық білім беру базасына енгізілген. Осылайша мемлекетке 1 млрд 350 млн теңгеден астам шығын келтірген. Қылмыстық іске қатысы бар директор, екі бухгалтер мен кадр бөлімінің басшысы 4 жылдан 6,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сырым Жақсылықов, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы: 

Студенттер өздері білмеген, ақылы түрде оқып жатырмыз деп ойлаған. Алайда мемлекеттік грант оларға төленген. Төленген ақша колледждің өзінің шығындарына және несие алынған, колледж несиеге тіркелген. Бюджет қаражаты несиеге жабылған.


Бөлісу