Елордада киберспорттан Әлем чемпионаты өтеді
Келесі жылы Астанада киберспорттан Әлем чемпионаты өтеді. Қазақ ұлттық спорт университетінің ресми ашылу рәсімі кезінде тараптар осындай келісімге келді. Университет басшылығы Халықаралық және Қазақстан киберспорт федерацияларымен үшжақты меморандумға қол қойды. Чемпионаттан бөлек, киберспорт саласында мамандар даярлау, ғылыми зерттеулер жүргізу және білім беру бағдарламаларын дамыту туралы ынтымақтастық келісім де жасалды. Жиналғандарға Қазақ ұлттық спорт университетінің базасы мен мүмкіндіктері таныстырылды. Енді бұл нысанда болашақ жаттықтырушылар, спорт саласын зерттейтін ғалымдар, спорт дәрігерлері мен педагогтер, спорт менеджерлері білім алады.
Гүлбарам Құлахметова, Халықаралық университеттік спорт федерациясы бақылау комитетінің мүшесі, PhD доктор, қауымдастырылған профессор:
Университет өте ауқымды. Басқа Халықаралық университеттерден еш кем емес. Үлкен бассейн, жаттығу залдары, күрес академиясы бар. ЖИ мен цифрлық технологияларды да көрдік. Спорттық инфрақұрылым өте жоғары деңгейде жасалынған.
Влад Маринеску, Халықаралық киберспорт федерациясының президенті:
Біздің мақсатымыз – тек интеллектуалды емес, физикалық тұрғыдан да мықты жастарды дайындау. Федерациямыз киберспортты дәріптесе, бұл Ұлттық университет білім мен физикалық спортты дамытып жатыр. Екеуін де меңгерген жастар әлемдік деңгейде жетістік пен табысқа жете алады. Сондықтан екіжақты келісім жақсы нәтижелерге жеткізеді деп сенемін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы