«Top Rank» промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арумның мәліметінше, қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Хулио Сезар кіші Чавестің арасындағы жекпе-жекте салмақ лимитінің басымдығы үшін айыппұлға қатысты мәселе шешілді.
Боксшылар белгіленген салмақ лимитінен асқаны үшін өзінің қарсыласына 1 миллион доллар көлемінде айыппұл төлейді», - деді Боб Арум.
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Хулио Сезар кіші Чавестің арасындағы кездесу 19 шілдеде, орта салмақ (76,2 келі) дәрежесінде өтеді.