Мартин Мюррей суперорта салмақ дәрежесіне ауысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мартин Мюррей суперорта салмақ дәрежесіне ауысады

16.03.2015
Мартин Мюррей суперорта салмақ дәрежесіне ауысады

Еске сала кетейік, 32 жастағы ұлыбританиялық Мартин Мюррей бір ай бұрын қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге 11-ші раундта нокаутпен ұтылған еді. Осылайша Мюррей Әлем чемпионы атағы үшін үш рет ұмтылып, барлығында жеңіліс тапты.

«Менде Головкинге қарсы жақсы жоспар бар еді. Алайда бұл дивизионда ол жоспарым іске аспады. Енді карьерамды жалғастырудың басқа да жолдарын қарастырудамын. Бірақ, 76,2 келі салмақ дәрежесіне ауысатын шығармын. Менің денем орта салмақ үшін «ірі», сондықтан артық салмақ Әлем чемпионы болуға тек септігін тигізеді деген үміттемін», - деп келтіреді Мартин Мюррейдің сөзін sportinglife.com.

Сонымен қатар, Мюррей: «Головкин – ғажайып. Ол ерекше. Меніңше қазір бұл салмақта оны ешкім жеңе алмайды», деді.

 

 

Хабарламаларға жазылу