Қазақстанда кедендік түсімдер мен тауар айналым көлемі артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда кедендік түсімдер мен тауар айналым көлемі артты

24.12.2022

Елімізде кедендік түсімдер мен салық көлемі күрт артқан. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, 3 триллион 300 миллиард теңгеге жеткен. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 54 пайызға артық. Әсіресе импортқа салынатын қосымша құн салығынан 1 триллион 400 миллиард теңге жиналып, сома өткен жылғыға қарағанда 80 пайызға көбейіп отыр. Ал еліміздің тауар айналымы 87 миллиард 600 миллион долларды құрады. Оның 24 миллиарды импорт, 63 миллиард доллары экспорт.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу