Әуежайда 1 млн долларды жасырып өтпек болғандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әуежайда 1 млн долларды жасырып өтпек болғандар ұсталды

10.03.2022

Ал өткен айда ел азаматтары 1 миллион АҚШ долларын шетелге жасырын алып шықпақ болған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлап отыр. Негізі заң бойынша шекарадан 10 мың АҚШ долларын еш кедергісіз алып өтуге болады. Бірақ одан асқан сомманы міндетті түрде декларациялау қажет. Бірақ өткен айда бұл ережені елемегендер көп. 1 миллион долларды көрсетпей жасырып өтпек болғандардың көбі әуежайда ұсталған. 51 адамға қатысты қазір әкімшілік іс қозғалып, бір жарым миллион теңге айыппұл салынды. Ал 100 мың долларды Түркияға апара жатқан бір адамға қылмыстық іс қозғалып, материал экономикалық тергеушілерге берілген.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу