Санжар Асфендияровтың әкесi оқыған, көзi ашық, парасатты кiсi болған. Кезiнде Сырдария облысы әскери округiнiң командашысы, облыстың әскери губернаторы, жазушы, генерал Гродековтың тiлмашы, ұзақ жылдардағы әскери қызметiнiң нәтижесiнде полковник шенiне жеткен патша армиясының офицерi қызметін атқарған екен.
Сауатты, білімді отбасының әсерiмен жас Санжар да iлiм-бiлiмге ерте талпынады. Санжар Асфендияров – Мәскеу мемлекеттік университетінің тұңғыш қазақ профессоры, Қазақ университетінің тұңғыш ректоры, қазақтың тұңғыш полиглот ғалымы.
Ол сондай-ақ, мемлекет қайраткері, тарихшы, профессор. Алматы Ұлттық педагогикалық университетінің және Алматы Медициналық университетінің негізін қалаушы.
Бүгін 13.30-да және 18.35-те «Ұлт мақтанышын» көріңіз.