Жаңа оқу жылы басталды, дайындық қалай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа оқу жылы басталды, дайындық қалай?

06.09.2015
Жаңа оқу жылы басталды, дайындық қалай?

Осы сейсенбіде ұлан-ғайыр қазақ даласының қиыр-қиырында сыңғырлап алғашқы қоңырау соғылды. Бозбала мен бойжеткеннен бастап, қараборбай балаға дейін мереке, зор қуанышқа бөленді.

Таң рауандай шоқ-шоқ гүлдері бар, анасының қолынан қысып ұстаған, ақ бантикті қуыршақтай қыздар мен кекілін қайырған балақайлар мектепке алғаш барды. Биыл мектеп оқушыларының саны - 2 миллион 600 мыңнан асады.

Олардың 336 мыңы мектеп табалдырығын алғаш аттамақ. Жыл сайын үш ауысымдық оқу жүйесі жойылып келеді. Биыл жаңадан 157 мектеп пайдалануға беріледі. Қазір еліміздегі барлық мектеп оқулықпен қамтылды. Биыл 4, 5, 6 және 11 сыныптың оқулықтарына 12,5 миллиард теңге бөлінген.

Хабарламаларға жазылу