Өскеменде Рождество мейрамы тойланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде Рождество мейрамы тойланды

07.01.2014
Өскеменде Рождество мейрамы тойланды

Рождество мейрамын Шығыс Қазақстан облысы да кеңінен атап өтті. Өңірдегі православтар алдымен шіркеуге жиналды. Ежелгі наным бойынша қаңтардың 6-сынан 7-ісіне қараған түні аспанда бір жұлдыз жарқырап жанады.

 
«Бұл пайғамбардың үмбеттеріне беретін сыйы, оны көрген адамның тілегі орындалады» делінген. Бұдан соң облыс орталығы Өскемен қаласының тұрғындары үшін мерекелік шаралар ұйымдастырылды.
 
Қаланың орталық алаңында көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлаған концерттік бағдарлама қойылды. Жиналған жұрт жергілікті өнер ұжымдары дайындаған театрландырыған қойылымдарды тамашалады.
 
Бұл мерекені аймақтағы этномәдени бірлестіктер де кеңінен тойлап өтті. Мерекелік концертпен қоса, орталық алаңда, қолданбалы өнер көрмесі мен азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
 
Надежда Шушаникова, Өскемен қаласының тұрғыны:
Құрметті қазақстандықтар, сіздерді бүгінгі Рождество мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Зор денсаулық, береке-бірлік, әрбір отбасыға татулық, сүйіспеншілік тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
 
 
 
Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу