Қырғыз Республикасы: Премьер-министрдің міндетін атқарушы тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғыз Республикасы: Премьер-министрдің міндетін атқарушы тағайындалды

26.03.2014
Қырғыз Республикасы: Премьер-министрдің міндетін атқарушы тағайындалды
Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбаек Атамбаев елдің премьер-министрі міндетін атқарушы қызметіне Жомарт Отарбаевты тағайындады. Ол осыған дейін үкімет басшысының бірінші орынбасары болған.
 
25 наурыз күні отставкаға кету туралы өтініш білдірген Жантөре Сатыбалдиев Президенттің Жарлығымен премьер-министрдің міндетін атқарушы қызметінен босатылды.

Хабарламаларға жазылу