Садыр Жапаров Қырғызстан президентінің міндетін атқарады

16.10.2020

Бүгін Қырғызстан парламенті экс-президент Сооронбай Жээнбековтың отставкасын қабылдады. Өз сөзінде Жээнбеков арының таза екенін айтып, халықтан кешірім сұраған. Кезектен тыс отырыстан кейін депутаттар оны қошеметпен шығарып салды. Қазір президент міндетін уақытша атқаруға Садыр Жапаров кірісті. 

Айта кетсек, Бішкекте төтенше жағдай режимі аяқталды. Ал парламент сайлауы биыл желтоқсанның 20-да, президент сайлауы келесі жылы қаңтардың 17-де өтуі мүмкін. 

Садыр Жапаров, Қырғыз Республикасы Президентінің міндетін уақытша атқарушы:
Аллаға шүкір, бәрі тонаусыз, басып алуссыз аяқталды. Сондықтан үшінші революция болды деуге негіз жоқ. Билік заңды әрі бейбіт жолмен ауысты, сол үшін баршаңызға алғыс айтамын.

Жансая Қапасқызы

Қырғызстан президент Садыр Жапаров Сооронбай Жээнбеков

Хабарламаларға жазылу