Тоқаев Қырғызстан Президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқаев Қырғызстан Президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті

13.11.2020

Қырғыз тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентінің міндетін атқарушы, Премьер-министрі Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшылары қазақ-қырғыз қатынасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға уағдаласып, екіжақты байланыстардың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Әңгіме барысында Садыр Жапаров қазіргідей қиын кезеңде Қырғызстанға үнемі қолдау көрсетіп, көмек бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және жалпы қазақ халқына алғыс айтты. Өз кезегінде Қазақ Президенті «Біз Қырғызстанның саяси тұрақтылығы мен экономикалық тұрғыдан өсіп-өркендеуіне тілекшіміз. Қазақстан осындай қиын уақытта бауырлас елді әрдайым қолдаған және қолдай береді», – деді. 


Тоқаев Садыр Жапаров

Хабарламаларға жазылу