Үнді мұхитында «күдікті нысандар» табылды
Қытайдың іздеу ұшағының экипажы Үнді мұхитында «күдікті нысандар» табылғанын хабарлады. Malaysia Airlines ұшағын іздеудестіру операциясы Үнді мұхитының оңтүстігінде, Австралияның оңтүстік-батысында жүріп жатыр. Осы аймаққа әлемнің бірнеше елінің ұшақтары, әуе кемелері тартылған.
Бұған дейін, Австралияның теңіз қауіпсіздігі басқармасы Перт қаласынан 2,5 шақырымдай жерде екі нысанның анықталғаны туралы хабарлаған болатын. АҚШ Malaysia Airlines іздеу жұмыстарына жоғарғы технологиялы дыбыс локаторы Towed Pinger Locato құрылғысын бағыттады. Бұл құрылғы ұшақ бортының қалдықтары табылғанда оны анықтауға септігін тигізеді.
Куала-Лумпурдан Бейжіңге бағытталған, бортында 227 жолаушысы, 12 экипаж мүшесі бар әуе лайнері 8 наурыз түні ешқандай белгі берместен радардан жоғалып кеткен. Соңғы байланыс кезінде ол Малазия шығыс жағалауынан 220 шақырым жерде болған
Дереккөз: Tengrinews.kz .
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16